Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылғы Стокгольмдегі әлем чемпионаты көрерменсіз өтуі мүмкін. Ұйымдастырушылар пандемияға байланысты осындай жоспар құруда деп хабарлайды Olympic.kz.
"Қазіргі таңда біз ISU-мен тығыз жұмыс істеп, қауіпсіздік шараларын талқылап жатырмыз. ISU Гран-при кезеңдерін өткізіп жатыр. Оның үстіне, әлем чемпионатынан бұрын Загребте Еуропа біріншілігі ұйымдастырылады. Сондықтан, бізге доданы өткізер кезде біраз көмек болары анық. Біз көрермендерді кіргізбеу туралы жоспарды да ойластырудамыз", - дейді әлем біріншілігін ұйымдастырушылар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу