Мәнерлеп сырғанаудан Астана кубогі өтеді

1356

Жарысқа республиканың барлық өңірінен спортышлар қатысады

Мәнерлеп сырғанаудан Астана кубогі өтеді

5-6 желтоқсанда "Алау" мұз сарайында мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет Astana Figure Skating Cup – 2018 жарысы өтеді. Спорттық шараға Қазақстанның барлық өңірлерінің мәнерлеп сырғанаушылары қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қыздар мен бозбалалар арасында жеке сырғанаудан ұйымдастырылатын жарыс бірыңғай республикалық жіктемеге және 2018-19 жылғы маусымға арналған ISU ережелеріне сәйкес өткізіледі. Жарыстың жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталатын болады.

Шара мақсаты – дене шынықтыруды, спортты және салауатты өмір салтын насихаттау, мәнерлеп сырғанаушылардың спорттық шеберліктерін ұштау, мықты спортшыларды анықтау, жаттықтырушылардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру.

Ұйымдастырушылар – қаланың мәдениет және спорт басқармасы, "Алау" мұз сарайы мен спорттық-бұқаралық шараларды өткізу дирекциясы" КММ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу