Мәнерлеп сырғанаудан биылғы Гран-при турнирі кейінге шегерілген жоқ

539

Алайда, көптеген мемлекеттер арасындағы әуе қатынастарының жоқтығына байланысты жарыс форматына өзгеріс енуі мүмкін. 

Мәнерлеп сырғанаудан биылғы Гран-при турнирі кейінге шегерілген жоқ

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) биылғы маусымдағы Гран-при турнирлерін өткізуге қатысты мәселе көтерген болатын. Әлемдегі коронавирус індетінің өршуіне байланысты Гран-при сериясының биыл өту-өтпеуі екіталай еді. Алайда, ұйымдастырушылар ересектер арасындағы доданы кейінге шегермеуді жөн көрген, деп жазады olympic.kz. 

Жапондық Kyodo агенттігінің хабарлауынша, биылғы маусымда Гран-при турнирлері өткізіледі. Алайда, көптеген мемлекеттер арасындағы әуе қатынастарының жоқтығына байланысты жарыс форматына өзгеріс енуі мүмкін. 

Турнирдің форматын өзгерту мәселесі қосымша талқыланады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу