3 қазан күні мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның Сайтама қаласында өтуі тиіс Japan Open турнирі белгісіз мерзімге шегерілді деп жазады Olympic.kz.
Бұл туралы Халықаралық конькимен жүгірушілер Одағының (ISU) ресми сайтында хабарланған.
Бұған дейін аталған ұйым жасөспірімдер арасындағы Гран-при турнирлерін өткізбейтінін мәлімдеген болатын.
Ал ересектер арасындағы Гран-при додасы ұлттық турнирлер форматында өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу