Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды

1124

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды

Астанада мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты басталды, деп хабарлайды 24.kz.

Желтоқсанның 29-на дейін жалғасатын жарысқа еліміздің әр өңірінен 80 спортшы келген. Бәсекеге түскендердің ең кішісі он бір жаста болса, ересегі – жиырма бесте. Сәйкесінше, дода бірнеше топтық кезеңге бөлінген. Сайыста бақ сынап жатқандардың арасында мәнерлеп сырғанаудан спорт шеберлері мен спорт шеберлігіне үміткерлер де бар.

"Осы жарыста олимпиада ойындарына әйелдер құрамасы сапында баратын бір мәнерлеп сырғанаушыны іріктеп аламыз. Ал өзге жеңімпаздарға әлем біріншілігіне жолдама беріледі", - дейді ҚР мәнерлеп сырғанау құрамасының бас жаттықтырушысы Құралай Узурова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу