Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтуі мүмкін

804

Мәнерлеп сырғанаудан ел біріншілігі 2020 жылдың 16-20 желтоқсаны аралығында Алматыда өтеді деп жоспарлануда. 

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтуі мүмкін

Қазақстанның коньки тебушілер федерациясы мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және конькимен жарысудан Қазақстан чемпионаты өтуі мүмкін мерзімдерді атады, деп хабарлайды olympic.kz.

Мәнерлеп сырғанаудан ел біріншілігі 2020 жылдың 16-20 желтоқсаны аралығында Алматыда өтеді деп жоспарлануда. Жарыс ережесіне сәйкес, турнирге көрермендер қатыспайды. 

Қазақстан Республикасы Бас санитар дәрігері бекіткен қаулы бойынша, барлық санитарлық талаптар сақталады. 

Сондай-ақ конькимен жүгіруден спринтерлік көпсайыс 16-17 қарашаға, классикалық көпсайыс 23-24 қарашаға, жекелеген дистанциялар 14-17 желтоқсанға жоспарлануда.  Әзірге турнирдің нақты өту-өтпеуі белгісіз. Елдегі ахуалға байланысты өзгерістер болуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу