Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионы анықталды

1502

Ұлттық құрама көшбасшысы Элизабет Тұрсынбаева ел чемпионатына қатысқан жоқ. 

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионы анықталды

Желтоқсанның 18-22 аралығында Ақтөбе қаласында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан біріншілігі өтіп, жеңімпаздар анықталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ерлер арасында астаналық Никита Манько чемпион атанды. Күміс жүлдені тағы бір астаналық спортшы, жақында Загребте өткен халықаралық турнирдің қола жүлдегері Рахат Бралин иеленді. 

Үздіктер үштігін алматылық Владислав Филь қорытындылады. 

Қыздар арасында Алана Тоқтарова топ жарды. Екінші орында Айза Имамбек, үшінші сатыда Вероника Шевелева. 

Еске сала кетейік, ұлттық құрама көшбасшысы Элизабет Тұрсынбаева ел чемпионатына қатысқан жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу