Мәнерлеп сырғанаудан олимпиадаға Қазақстаннан тұңғыш рет үш спортшы қатысады

891

Мәнерлеп сырғанаудан олимпиадаға Қазақстаннан тұңғыш рет үш спортшы қатысады

Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін XXIII қысқы олимпиада ойындарына мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет Қазақстаннан үш спортшы қатысады, деп хабарлайды skating.kz.

Осыған дейін спорттық додалардың төресі саналатын олимпиада ойындарына спорттың бұл түрінен Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева жолдама жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, Элизабет Тұрсынбаеваның әлем чемпионатындағы көрсеткішінің нәтижесінде Қазақстан тағы бір лицензияға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды.

Енді осы үшінші жолдамаға кім иелік ететіні желтоқсан айының соңында ел біріншілігінде 25 желтоқсанда белгілі болады. Бүгінгі күні үшінші лицензия үшін техникалық минимумді жинаған Айза Имамбек болды. Олимпиадаға үміткер ретінде, сондай-ақ, Жансая Әдіханова саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу