Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-при сериясының биылғы маусымын өткізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды olympic.kz сайты.
Гран-при сериясының өткізілмеуіне мемлекеттер арасындағы әуе қатынасының толықтай ашылмауы себепкер болып отыр. Сондай-ақ, Жапония бастаған бірқатар елдер спортшыларды жарысқа жіберуден бас тартуда.
"Біз жасөспірімдер арасындағы мұндай ауқымды жарыстың өтпей қалғанына өкініш білдіреміз. Алайда, мұндай қадамға спортшылардың денсаулығын ойлағандықтан барып отырмыз", – делінген ISU ресми мәлімдемесінде.