Мәнерлеп сырғанаушылар Абу-Дабиде екі жүлде жеңіп алды

230

Халықаралық сынға 31 елден спортшылар қатысқан. 

Мәнерлеп сырғанаушылар Абу-Дабиде екі жүлде жеңіп алды Фото: Olympic.kz

Абу-Даби қаласында (БАӘ) мәнерлеп сырғанаудан Abu Dhabi Classic Trophy-2024 халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған сында қазақстандық София Фарафонова күміс медаль жеңіп алса, тағы бір спортшымыз Анна Левковец қола жүлде тағынды. 

Қыздар арасындағы жекелей сында эстониялық Натали Лангербау топ жарды. 

Халықаралық сынға 31 елден спортшылар қатысқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу