"Мәңгілік ел" қақпасын күрделі жөндеуден өткізуге 600 млн тг керек. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мәслихат отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.
Оның айтуынша қақпа астындағы туннельді салу кезінде, құрылыс жұмыстары сапасыз жүргізілген. Соның салдарынан бүгінде қақпа күрделі жағдайда. Көктемгі жауын-шашын мен нашар гидрооқшаулау мәселені ушықтыруда. Жыл сайынғы жөндеу кемшіліктерді жоюға мүмкіндік бермейді.
"Мәңгілік ел" қақпасы 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ашылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу