Маңғыстау әкімдігінің қызметтік көліктері емханаларға берілді

808

Шенеуніктер дәл қазіргі жағдайда дәрігерлерге аса қажет деп санайды.

Маңғыстау әкімдігінің қызметтік көліктері емханаларға берілді

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың тапсырмасымен облыс әкімдігінің отыз қызметтік көлігі Ақтау қаласындағы емханаларға берілді. Пандемия кезінде мобильдік топтағы учаскелік дәрігерлер тұрғындардың шақыртуына енді осы көліктермен барады. Емханалардағы көліктің жетіспеушілігін азайту үшін облыстық әкімдіктің қызметтік көліктері учаскелік дәрігерлерді тасымақ. 
Қазіргі кезде әкімдік қызметкерлерінің бір бөлігі онлайн режимінде жұмыс істейді. Сол себепті, мемлекеттік қызметкерлер бұл көліктер өздерінен гөрі, дәрігерлерге өте-мөте қажет деп санайды.  

Айта кетейік, облыстық әкімдік көліктерді дезинфекциялауды, жанар-жағармай құюды, көлік жүргізушілерін жеке қорғаныш құралдарымен қамту  және тағы басқа шығындарды өз мойнына алған. Аталмыш шара мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі мобильді топтардың санын көбейту жөніндегі  үндеуіне сүйене отырып, қолға алынған.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу