Маңғыстау әкімі бірқатар шенеунікке сөгіс жариялады

526

Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов "өзінің тікелей міндеті мен тапсырылған жұмыстарды тиісті деңгейде атқармаған" атап көрсетті.

Маңғыстау әкімі бірқатар шенеунікке сөгіс жариялады

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов бірқатар лауазымды шенеунікке сөгіс жариялады. Атап айтқанда, Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязовтың жұмысы облыс орталығын жасылдандыру деңгейінің төмендігі, егілген көшеттер мен жасыл желектің уақтылы суғарылмай, соның салдарынан гүлзарлардың адам аярлық күйге түскені үшін сыналды. Аймақ басшысы қала әкімінің "өзінің тікелей міндеті мен тапсырылған жұмыстарды тиісті деңгейде атқармай отырғанын" атап көрсетті.

Осындай сынға Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров та ілікті. Белгілі болғандай, ауданда тұрғын үй шаруашылық саласының қызметі жолға қойылмаған, санитарлық тазалау, қоқыс-қалдықты шығару жұмыстары уақытылы жүргізілмейді, халықта ауыз сумен қамтуда жүйесіздік бар.

Сондай-ақ, облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов пен ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл да сөгіс алды. Оларға жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі "Еңбек" бағдарламасын дамыту және ол бойынша жұмысқа орналастыру жұмыстарының тиімсіз жүргізілуі, ауылдық елдімекендердегі шағын несие беру бойынша жұмыстардың нәтижесінің көңіл көншітпейтіні себеп болған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу