Маңғыстау атом-энергетика комбинатында жөндеу жұмыстары аяқталды

413

24 қаңтарда "МАЭК" ЖШС ЖЭС жедел персоналы турбоагрегат тірегіндегі дірілдің артуына байланысты №1 энергоблокты мәжбүрлі түрде тоқтатқан болатын.

Маңғыстау атом-энергетика комбинатында жөндеу жұмыстары аяқталды Фото: maek.kz.

Жағдай ерекше бақылауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"МАЭК" ЖШС жылу энергетика станциясы жедел персоналы 24 қаңтарда турбоагрегат мойынтірегіндегі дірілдің ұлғаюына байланысты №1 энергоблокты түсіріп, мәжбүрлі түрде тоқтатты. Өңірдің энергия тапшылығына байланысты мұнай саласының ірі тұтынушылары шектелді", - дейді "МАЭК" ЖШС баспасөз қызметі.

Электр станциясының мамандары ақаудың себебін анықтаған.

"Жағдай ерекше бақылауға алынды. Комбинат қызметкерлері жұмысты қалпына келтіру үшін барынша күш жұмсады. Энергия блогын жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды", - делінген хабарламада.

27 қаңтарда №1 энергоблок жұмысқа қосылды. Оның жүктемесі 150 МВт. Қазіргі күні Маңғыстау облысының тұтынушылары "МАЭК" ЖШС тарапынан электр және сумен қамтамасыз етіліп жатыр

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу