6 шілдеде сағат 17:33-те МАЭК ЖЭС-те қазандықтағы қоректендірудің күрт өсуіне байланысты №1 энергия блогы қайта ажыратылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта ЖЭС персоналы энергия блогын жөндеу үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, Маңғыстаудың тұрмыстық тұтынушылары бойынша электрмен жабдықтауда шектеулер жоқ, сондай - ақ елді мекендерде сумен жабдықтауда шектеулер жоқ", - делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстарын 8 шілдеде сағат 00:00-ден кейін бастау жоспарлануда, өйткені энергия блогының қазандығын салқындату үшін 24 сағаттан астам уақыт қажет.
Аталған энергоблокты жөндеуді 9 шілдеде сағат 00:00-ге дейін аяқтау жоспарлануда.