Оқшаулау өлшемі оң нәтиже көрсеткен соң щеткалы-байланыс аппараты орнатылды. Одан соң энергоблокты іске қосуға дайындық жұмыстары жасалды. Жөндеу жұмыстары үзіліссіз тәулік бойы жүргізілді.
Энергоблок 19 тамызда іске қосылды. МАЭК қызметкерлері орын алған төтенше жағдайды тезірек жою үшін жұмыла еңбек етті.
Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша электр энергиясын берудегі барлық шектеулер алынып тасталды. Мұнай және өнеркәсіп секторына да электр қуаты толық қосылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу