"Маңғыстау - Атырау" пойызында мас жолаушы төбелес шығарды

520

Қауіпсіздік мақсатында ер адам пойыздағы полиция бөлмесіне жеткізілді.

"Маңғыстау - Атырау"  пойызында мас жолаушы төбелес шығарды Фото: ҚТЖ

Атырау тұрғынын мас күйінде төбелесіп, полицияға бағынбағаны үшін "Маңғыстау - Атырау" бағытындағы жолаушылар пойызынан түсіріп тастауға тура келген. 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 56 жастағы жолаушы мас күйінде балағат сөздер айтқан. Қауіпсіздік мақсатында ер адам пойыздағы полиция бөлмесіне жеткізілді. Бірақ құқықбұзушы ол жерде де тынышталудың орнына, одан бетер ашуланып, пойыз бастығына бұзақыны пойыз бағытындағы жақын маңдағы станцияға түсіріп кетуден басқа амалы қалмаған.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматтың орташа дәрежеде мас болғаны анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің үш бабы бойынша әкімшілік материал жинақталды. 440-бап (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу), 434-бап (Ұсақ бұзақылық), 667-бап (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) және 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, Маңғыстау аудандық сотының шешімімен жоғарыда аталған азамат ұсақ бұзақылық пен бағынбағаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге салсақ, құқық қорғау органы қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, сол сияқты олардың заңды қызметіне кедергі келтіру отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес күнге дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу