Бұл еліміз үшін ерекше мәні бар тарихи белес. Жеңіс жолында қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлер мен тылда тынымсыз еңбек еткен жандардың ерлігі – құрметке лайық, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Маңғыстау ауданы тарихқа тағзым етудің ерекше үлгісін көрсетіп, аудан орталығындағы және Отпан ауылдық округіндегі барлығы 62 көшеге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі берілді. Әр көше – ерлік пен елдікке тағзым, өткенге құрмет, болашаққа аманат. Бұл туған жер мен елге деген сүйіспеншілікті ұрпақ санасына сіңірудегі жарқын үлгі.
Ардагерлер есімін көше атауымен ұлықтау – жай ғана атау емес. Ол тарихты жаңғырту, батыр бабалар ерлігін жас ұрпаққа өнеге етіп жеткізудің бірегей жолы. Ауыл жұртшылығы осылайша ел еңсесін биіктетіп, отансүйгіштік рухты дәріптеп келеді.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында ауданға қарасты басқа да ауыл көшелеріне 10 майдангердің есімі берілмек.