Маңғыстау ауданында жұмыссыздарға грант беріледі

1017

Өңірде мал шаруашылығымен айналысқысы келетіндер көп.

Маңғыстау ауданында жұмыссыздарға грант беріледі

Маңғыстау ауданында 65 адамға қайтарымсыз несие берілді. Оған ие болғандардың ішінде көп балалы отбасы мүшелері, жұмыссыздар, атаулы жәрдемақы алатын азаматтар мен бизнесін дамытқысы келетін жастар бар. 

"Биыл еліміздегі карантиндік шараларға байланысты көптеген кәсіпкерлік нысандарға шектеу қойылғанымен, алдағы уақытта өз кәсібін дамытамын деуші кәсіпкерлер аз емес. Әсіресе, мал шаруашылығы өнімдеріне қазіргі таңда сұраныс көп. Сол себепті кәсібін дөңгелетуге несие алып, жұмысын бастағасы келетін қырықтан астам тұрғын "Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Маңғыстау филиалы арқылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы арқылы 181,4 млн. теңге қаржылай несие алды. Жыл басынан бері 58 тұрғынның кәсібін бастау үшін несиеге тапсырған құжаттары мақұлданды", – дейді Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Асқар Аққұлов.

Сонымен қатар "Аграрлық несие корпорациясы" арқылы құжаты мақұлданған 15 адам 298,6 млн теңге көлемінде төмен пайызды несиеге қол жеткізген. Ал екі кәсіпкер "Атамекен" шағын несие ұйымынан ауданда 9,8 млн теңге алыпты. Бизнес идеясын іске асыруда кездесетін қиындықтарды қалай жеңу керектігі жөнінде мәліметтер беретін курстан жыл басынан бері 62 адам өтіп, сертификат алған. Жұмыссыз 112 азамат "Бизнес бастау" бойынша оқып шығып, қазіргі уақытта тағы 31 адам білім алып жатыр.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу