Маңғыстау ауданының шалғайдағы ауылдарына газ келді

1342

Маңғыстау ауданының шалғайдағы ауылдарына газ келді

Маңғыстау ауданында "Шөлтөбе-Ұштаған-Басқұдық-Жарма" газ құбыры іске қосылып, Ұштаған, Басқұдық және Жарма ауыл тұрғындарының үйінде көгілдір отын пайда болды.

Газ құбырының жалпы ұзындығы – 92,67 шақырымды құрайды. "Самұрық Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорынан аталмыш газ құбырына 898 576 000 теңге қаражат бөлінген, деп мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Бүгінде аудандағы әлеуметтік мәселелер толыққа жуық шешілді деуге болады. Барлық ауылдарда бала-бақшалар жұмыс жасайды. Соңғы жылдары ауданның жеті елді мекенінде жаңа дәрігерлік амбулаториялар іске қосылды, барлық ауылдарда автомобиль жолдары жаңартылып, жаяу жүргіншілер жолы салынды. Алдағы жылдары да ел қажеттілігіне қарай әлеуметтік нысандар салына беретін болады. Міне, бүгін Маңғыстау ауданының кішкентай екі ауылына газ келді. Сіздерді осы қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Үйлеріңізден жылу кетпесін!" – деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу