Маңғыстау даласында автокөліктердің халықаралық марафоны өтіп жатыр

849

Маңғыстау даласында автокөліктердің халықаралық марафоны өтіп жатыр

Халықаралық автомобиль федерациясының FIA Ралли Рейд әлем кубогының кезеңі 27 мамыр мен 2 маусым аралығында өтеді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстаудың көркем кеңістігінде 13 елдің,  64 қатысушысы  чемпион атағы үшін бақ сынасады. Еліміздің атынан 7 шабандоз қатысуда.

Әлемдік доданың ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов қатысып, "Ралли Қазақстан 2018" спортшыларына сәттілік тіледі.

Сайыс  бағыты алты кезеңге бөлінеді,  ал қатысушылар 2500 шақырым жолды еңсеруі қажет.

Бірінші кезеңде қатысушылар Ақтау қаласынан шығып, оңтүстікті бетке алып  210 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан Кендірлі шипажайына  барады.

Екінші күні Сенек елді мекеннің айналасындағы айналма учаскесі арқылы шөл даламен шығысқа, үшінші кезеңінің бағыты Кендірліден шығысқа қарай жол жүреді. Төртінші кезеңі Жаңаөзен қаласы айналасында өтеді, содан кейін қатысушылар Ақтау қаласына оралады. Екінші қорытынды кезеңі Ақтау қаласынан солтүстікке қарай бағытта өтеді. Аяқтау кезеңінде спортшылар Каспий теңізі жағалау сызығымен өтіп  2 маусымда шамамен  сағат 15.00 Ақтау қаласында жағалау алаңында аяқтайды.

"Ралли" Қазақстан-2018", атақты шабандоздар қатысады олар: Якуб Пшигонски- FIA  әлем кубогының көшбасшысы. Франциялық Люк Альфанд-Дакар чемпионы, Africa Eco Race - 2018  Ралли Рейд жеңімпазы ресейлік шабандоз Владимир Васильев, ағымдағы жылда өткен Абу-Даби әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы чехиялық Мартин Прокоп. Жарысқа ең жас шабандоз британдық  Харри Ханта багги Рeugeot DKR 3008 қатысады.

Күрделі "Дакар" ралли марафонында 15 рет жеңіске жеткен "КАМАЗ-мастер" командасы "Ралли Қазақстан 2018"  екі жүк машинасын жіберді. Сонымен қатар Германия, Австрия, Чехия, Испаниядан титулды спортшылар қатысады.

"Биылғы жылғы Раллидің бағытына өзгерістер еңгізу үшін көп еңбектендік, сонымен қатар өткен жылғы іс-шаралардың нәтижелеріне  қуаныштымыз, – деді  ҚР АМСФ президенті Марат Әбіқаев".

Марат өзі де белгілі спортшы, биыл Т2 категориясының көшбасшысына бақ сынамақ, былтырғыдай өзінің ұлымен әрі штурманы Нұрсұлтанмен жарысқа шығады.

FIA халықаралық автомотоспорт федерациясы Ралии Рейд әлем кубогы кезеңі  2017 жылы бірінші рет Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Маңғыстау облысында сәтті өткізілді. Өткен Ралли Қазақстан кезеңінің және әлем кубогының 2017 жылғы иегері автошабандоз Катар Насер Салех Аль-Аттия жеңімпаз атанды. Биылғы жылғы кезеңге де қатысып  көшбасшылыққа бақ сынайды.

Ралли Қазақстан күнтізбеде ең күрделі кезеңдерінің бірі болып табылады және қос коэффициентімен бағаланады, әлемде мұндай жарыстар барлығы төртеу (Абу-Даби, Катар, Қазақстан, Марокко кезеңдері).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу