Маңғыстау экологтары ауадағы түтін иісінің себебін анықтады

635

Экологтар Ақтау мен Жаңаөзенде және облыстың бірнеше елді мекенінде атмосфералық ауаны өлшеді.

Маңғыстау экологтары ауадағы түтін иісінің себебін анықтады Фото: ukr.net

Маңғыстау облысы экология департаменті мамандарының мәліметінше, Ақтау мен Жаңаөзенде, Жетібай, Шетпе, Қызан, Ақшымырау және Шайыр ауылдарында жағымсыз иіс сезіледі. Оның себебі: Атырау облысындағы қамыстың жануы. 

Атмосфералық ауадағы өнеркәсіптік ластаушы заттардың шамадан тыс көбейгенін мониторинг нәтижелері нақтылаған жоқ. "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының автоматты станциялары зиянды заттардың шамадан тыс көбеюі тіркелмегенін растады. 

"Облыс аумағында таралған жағымсыз иіс Атырау облысында қамыстың өртенуінен пайда болды. Өрт дерегі бойынша Маңғыстау және Атырау облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінен хабарлама жіберілді. Айта кету керек, "Қазгидромет" РМК деректері бойынша, жел бағыты солтүстікке қарай соғуда. Соның салдарынан иіс жақын маңдағы барлық аумаққа жетті", - деп атап өтті экологтар.

Естеріңізге сала кетейік, 2 сәуірде Атырау облысындағы "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өртенді. Кейін Каспийде өртті сөндіруге көмекке Ақтаудан тікұшақ жіберілетіні белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу