Маңғыстау қандастарды қоныстандыру бойынша екінші орында тұр

574

Биылғы жылдың қаңтар айынан бері 3 мыңнан астам этникалық қазақтар қандас мәртебесіне ие болды. Солардың 17% Маңғыстау облысында тұрақтап қалуды жөн санаған. 

Маңғыстау қандастарды қоныстандыру бойынша екінші орында тұр Фото: google

Қандастар негізінен Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қоныстанды. 

Осы жылдың 1 наурызындағы есеп бойынша, қоныс аударушылардың еңбекке қабілетті жастағыларының саны 69%, 23% еңбекке жарамды жастан кіші адамдар және 8,2% зейнеткерлер.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 20% жоғары білімі, 41% арнайы орта білімі бар.

Деректерге сүйенсек, 1991 жылдан бастап елімізге бір миллион 110,1 мың қазақ оралды. Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі Өзбекстаннан, 16,3% ҚХР-дан, 15,9% Ресейден, 8,4% Түркіменстаннан, 4,5% Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу