Маңғыстау кәсіпкерлеріне айыппұл салынды

541

Биыл Маңғыстау облысы бойынша 64 қоғамдық тамақтану орындарына жоспарлы тексеру жүргізілді.  

 Маңғыстау кәсіпкерлеріне айыппұл салынды Фото: elorda.info

Нәтижесінде 8 кәсіпкерге айыппұл салынды. Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаровтың айтуынша, 9 айда 64 жоспарлы, 45 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Негізінен тағамның сапасынан басқа, нысанның ас блогының жай-күйі, қоғамдық тамақтану залдары, арнайы үй-жайлардың орналасу сәйкестігі анықталды.

"Тексеру нәтижелері бойынша 8 бизнес өкіліне айыппұл салынып, тағы 47 нұсқама берілді. Оның 46,8% орындалды. Бүгінде қоғамдық тамақтану орындары, яғни кафелер, асханалар, кафе-барлар, мейрамханаларға көптеген адамдар келеді. Сондықтан мұндай қызмет көрсету орындарының санитарлық талаптарға сай болуы маңызды. Азық-түлікті халық тұтынатындықтан, адам денсаулығы бірінші орында тұр. Қызмет көрсетпес бұрын барлық азық - түлік нысандарына ресми ашылу үшін рұқсат алу қажет", - деді Асылбек Шаров.

Заң бойынша жылына екі рет эпидемиологиялық маңызы жоғары қоғамдық тамақтану орындарына, оның ішінде балабақша,  интернаттық ұйымдар, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, вахталық кенттер, құрылыс алаңдары, өнеркәсіптік объектілерге міндетті тексерулер жүргізіледі. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу