Маңғыстау қоныс аударған қандастар саны бойынша көш бастап тұр

827

Маңғыстау облысы қандастар ең көп шоғырланған өңірлердің үштігіне кірді.  

Маңғыстау қоныс аударған қандастар саны бойынша көш бастап тұр

Жыл басынан бері 11 165 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандастар мәртебесін алды. Олардың 17% Маңғыстауға көш түзеген.  1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн-нан астам қандас оралды.

Биыл Қазақстанға қоныс аударған қандастардың 70% Өзбекстаннан, 10,5 % ҚХР, 7% Түркіменстаннан, 4,6 % Моңғолиядан және 8,3 % басқа елдерден келген.

Қоныс аударушылар негізінен Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тұруды қолайлы санайды.

Елге қандастарды тиімді қоныстандыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп визалық режиммен келген қандастарды қабылдау, қоныстандыру және бейімдеу бойынша өзара іс - қимылының алгоритмін дайындады. Биылғы 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша осы алгоритмге сәйкес, Түрікменстаннан келген 741 этникалық қазаққа тұрақты тұру үшін нақты өңірді көрсете отырып визалар берілді. Оның 45-і тиісті негіздемелерге сүйене отырып, Маңғыстауда тұрақтады. Қалғандарын жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қандастарды Маңғыстау облысынан да басқа өңірлерге қоныстандыруды ұсынған болатын.

Тасым Жаңай

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу