Үкімет басшысы Асқар Маминнің тапсырмасына сәйкес, облыс әкімдігі өңірдегі коронавирусқа қарсы күресті күшейту мақсатында медицина мамандарын алдыртуда. Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлағандай, Маңғыстаулық науқастарды емдеуге 12 әскери дәрігер жұмылдырылған. Оның алтауы Семей және төртеуі Өскемен қаласынан келді. Ал, екеуі – Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінің дәрігері.
Сонымен қатар, Маңғыстауға карантин кезінде 26 жас маман келеді деп күтіліп отыр. Оның 15-і – интернатураны, 7-і резидентура бітірген дәрігерлер. Ақтөбеден келген төрт маман өңірде тұрақты жұмыс істеуге қалмақ. Әзірге бұл топтан он дәрігер келіп, жұмысқа кірісіп те кетті.
Құралай Қуатова