Маңғыстау мектептерінде жылыжай салынады

1494

Маңғыстау мектептерінде жылыжай салынады

Биыл Маңғыстау облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Жасыл мектебім – жасыл мекенім" атты тың жоба бастау алады. Шөлейтті өңірдегі барлық мектепте жылыжай салынады. Бұл жұмысқа меценаттар жұмылдырылмақ, деп хабарлайды khabar.kz.

Қазірдің өзінде көгалдандыру ісіне 50 азамат қаржы құюға әзір. Жобаның мақсаты – балалардың санасын өзгерту, оларды еңбекке баулып, өз өнімдерін сату арқылы кәсіпкерлікке үйрету, оқушыларға арналған ғылыми-тәжірибелік орталық ашу, тамшылатып суару, пайдаланған суды қайта өңдеу арқылы жаңа технологияларды дамыту.

"Шөлейтті аймақта бақша өнімдерін өсірудің ең қолайлы әдісі – осы жылыжай шаруашылығын дамыту", – дейді мамандар.

"10 мектепте жылыжайымыз бар, іске асырдық. Осы 2018 жылдан бастап тағы да бастапқы 20 мектептің жобасын да жүзеге асыратын болып жоспарлап отырмыз. Ол енді тек бір жылғы жоба емес. Ол – алдағы уақытта да іске асырылатын жоба. Сондықтан арғы жылдары да осылай 20-30 мектептен жыл сайын жылыжайлар салып, осы жобаны аяқтайтын ойымыз бар", - дейді Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қойжанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу