Маңғыстау мен Атырау жемшөпті уақытылы дайындай алмай жатыр

595

Биыл мал азығын дайындауға ауа-райы қолайлы болып тұр. Дегенмен Маңғыстау және Атырау облыстары графиктен кешігіп келеді. 

Маңғыстау мен Атырау жемшөпті уақытылы дайындай алмай жатыр

Премьер-Министр Әлихан Смайылов 23 тамыздағы үкімет отырысында осылай деді, деп жазады inbusiness.kz.

Смайылов әкімдіктер мен Ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесе қимылдауы керегін айта келіп,

"Үкімет қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Енді тек жұмыс істеу ғана қалып тұр", – деді.


Элеваторлардың астық қабылдап, сақтауға дайын болуы керегін ескертті.


"Ауыл шаруашылығы, Индустрия министрліктері мен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы өңір әкімдіктерімен бірлесіп, вагондармен қамтамасыз ету, логистика мәселесін шешу жұмыстарын жүргізсін. Екіншіден, Ауыл шаруашылығы министрлігі Азық-түлік келісім-шарт корпорациясымен бірлесіп, қыс мезгілінде фермерлердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жем-шөп қорын уақытылы жасақтау шараларын қабылдасын әрі олардың бағасы тұрақты болуға тиіс. Үшіншіден, жанар-жағармайдың бағаларын бақылау және тапшылығына жол бермеу жөніндегі тұрақты жұмыс комиссиясын құруды Роман Васильевичке тапсырамын", – деді Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу