Маңғыстау облыстық ауруханасы 127 млн теңгенің жаңа құрылғыларымен толықты

790

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы жаңа заманауи төсек-орынға арналған емделушілердің 20 мониторы, 200 инфузиялық шприц сорғы және өкпені жасанды желдететін 20 аппаратымен жабдықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маңғыстау облыстық ауруханасы 127 млн теңгенің жаңа құрылғыларымен толықты

Аталған құрылғылар мұнай компаниясының демеушілігімен табысталды.

Қазіргі таңда құрылғылар облыстық аурухананың барлық құрылымдық бөлімшесінің жансақтау бөлімдерінде, операциялық бөлмелерде, терапия және хирургия бөлімдерінде орнатылған.

Жаңа мониторлар шағын әрі жеңіл, бұл өз кезегінде дәрігерлер үшін ыңғайлы. Науқасты тасымалдау қажет болған жағдайда құрылғыны оңай алып жүруге болады. Сонымен қатар науқастың жағдайын бақылауға мүмкіндік береді, пациент туралы қажетті ақпаратты жылдам алуға, диагнозды анықтауға және оны емдеу кезіндегі өзгерістерді бақылауға көмектеседі. 

"Қазір медициналық салада күн сайын өзгерістер, жаңалықтар болып жатыр. Дәрігерлеріміз көбейіп, жан-жақты медициналық көмек көрсетіліп, жаңадан түрлі операциялар жасалып жатыр. Әрине, мұның барлығына жаңа, заманауи, сапалы құрылғылар керек. Медициналық құрылғылар жеткілікті болса, науқастар тұрақты әрі жедел ем алады, ауру көрсеткіші азаяды. Бастысы – дәрігерлеріміз бір емес, бірнеше адамның өмірін сақтап қалады", – дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының директоры Жәнібек Әжмұханов.

Айта кетейік, мұнай компаниясының демеушілігімен аталған құрылғылар 127 миллион 600 теңгеге алынды.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу