Маңғыстау облысы әкімінің қос бірдей орынбасары тағайындалды

474

Олар - Қанат Құлжанов пен Руслан Бектемір. Жаңа шенуніктердің кандидатуралары ҚР Президент әкімшілігімен келісілген.  

Маңғыстау облысы әкімінің қос бірдей орынбасары тағайындалды Фото: t.me/mangystau_pres

Руслан Бектемір Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. "Қаржы", "Мұнай-газ ісі" мамандықтары бойынша бакалавриат тәмамдап, мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі болған. "Мемлекеттік аудитор" және "Жоғары санатты мемлекеттік аудитор" сертификаттары бар, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Руслан Бектемірдің мемлекеттік қызметте және жеке секторда 24 жылдық еңбек өтілі бар. Еңбек жолын Ақтөбе қаласы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы қызметінен бастады. Әр жылдары салық органдарында жұмыс істеп, жеке секторда қаржы директоры, "Батыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" ММ директорының орынбасары болды. БҚО тексеру комиссиясының мүшесі, БҚО экономика және Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болды. Астана қаласында Ішкі істер, экономикалық тергеу органдарында қызмет атқарды. Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы, ҚР Энергетика министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры болды. 2021 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Маңғыстау атом-энергетикалық комбинаты" ЖШС Бас директорының орынбасары лауазымын атқарған.

Қанат Құлжанов Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы "Өзенмұнайгаз" АҚ Технологиялық көлік басқармасының слесарі болып бастаған. 2002-2007 жылдары Маңғыстау облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы ақпарат орталығының бас маманы, Жаңаөзен қаласы прокурорының көмекшісі, Маңғыстау облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры. 2010 жылдан 2012 жылға дейін Бас прокуратураның мемлекеттік органдарының қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің әлеуметтік саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры, Бас прокурордың көмекшісі, Бас прокурордың аға көмекшісі. 2012 жылдан 2016 жылға дейін Байқоңыр қаласының прокуроры.

2016 жылдан 2018 жылға дейін Қызылорда облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу