Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ұсталды

1328

Шенеунік өңірге сұйытылған мұнай газын жеткізуге жауапты болған. 

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ұсталды

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап. 

Басқарма дерегінше, Ғалымжан Ниязовты қаржы мониторингі агенттігі аумақтық департаментінің қызметкерлері "лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды" деген күдікпен ұстаған.

"Сот Ғалымжан Ниязовты 2 ай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, - деп жазылған облыстық экономикалық тергеу департаменті таратқан хабарламада.

Айта кетейік, биыл қаңтардың басында Жаңаөзен қаласында сұйытылған газ бағасы күрт өсті. Жергілікті тұрғындар газ бағасын  төмендетуді талап етіп митингке шықты. 
Кейін елдің басқа өңірлеріндегі тұрғындар митингке шығып, экономикалық және саяси талаптарын айта бастады. Оның соңы жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты.

Сондай-ақ қаңтардың ортасында Энергетика министрінің орынбасары Жұмабай Қарағаев қызметінен босатылып, 2 айға қамауға алынды.

Маңғыстау облысында электрондық сауда алаңдарының басшылары мен газ бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар бірқатар тұлға ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу