Маңғыстау облысы екпе алу бойынша республикада көш соңында тұр

880

Маңғыстау облысының тұрғындары екпе алуға құлықсыз, деп хабарлайды Atameken Business.  

 Маңғыстау облысы екпе алу бойынша республикада көш соңында тұр

Бұған, вакцинациялау бойынша өңірдің республикада көш соңында қалуы дәлел. Екпе салдыруға жарамды халықтың тек 38% егілген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мұғалімдер және медицина мамандары екпе алудан алдыңғы шепте. Алайда, бизнес саласындағылар арасында белсенділік жоқ. Мәселен, өндірісте жұмыс істейтіндердің 13, сауда және тамақ өнеркәсібіндегілердің 11 пайызы ғана екпе алған. Осы мақсатта, өңірлік кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, ұжымдарын вакцина салдыруға көндіру үшін көмек сұраған жағдайлар да тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу