2016 жылы Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті ел бюджетіне 595 млрд теңге аударды, деп жазады strategy2050.kz.
Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлағандай, ел қазынасына түсіп жатқан салық пен төлемдер саны артуда. 2016 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке салық есебінде 595,3 млрд теңге түсті.
Оның ішінде Ұлттық қорға 268,4 млрд теңге, республикалық бюджетке 201,1 млрд теңге, жергілікті бюджетке 125,8 млрд теңге түсті.
"Мемлекеттік бюджетке түсім жоспары бойынша тапсырма 102,2 пайызға орындалды", – деп хабарлады департаментте.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу