Маңғыстау облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы қызметінен босатылды

531

Осыған дейін шенеунік коммуналдық қызметтердің жұмысын дұрыс үйлестірмегені үшін облыс әкімінен сөгіс алған болатын. 

Маңғыстау облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы қызметінен босатылды Фото: lada.kz

Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының Бердібек Қартбаев қызметінен босатылды, деп жазады inbusiness.kz lada.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бердібек Қартбаев берген өтінішіне сәйкес өз еркімен қызметінен босатылды", - деп хабарлады облыстық әкімдік.

Айта кету керек, Бердібек Қартбаев бұл лауазымға 2021 жылдың сәуір айында тағайындалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу