Маңғыстау облысы қаңтарында Әзербайжаннан 25 мың АҚШ долларына жылқы сатып алды

1121

Маңғыстау облысы қаңтарында Әзербайжаннан  25 мың АҚШ долларына жылқы сатып алды

Биылғы қаңтарда Маңғыстау облысы Әзербайжаннан 24,7 мың АҚШ долларына жылқы импорттады, деп хабарлады Маңғыстау облысының мемлекеттік кіріс департаментінің бас маманы Мақсат Ақмұратов. Бұл туралы tumba.kz жазып отыр.

Бас маманның келтірген мәліметі бойынша, жалпы алғанда  2017 жылдың қаңтарында Әзербайжаннан  2,3 млн доллардың тауары мен азық-түлігі жеткізіліпті.  Атап айтқанда, олар пластмасса бұйымдары, геодезиялық және топографиялық құралдар (759,9 мың доллар), қап және қаптайтын заттар (124,6 мың).

Аталған елден 47 мың долларға  көлік реттеу  құралдары сатып алынған. Бәрінен де қара металдан жасалған  құбыр қымбатқа түсіп отыр. Бұл тауар түрі 1,1 млн долларға сатып алынған.

Молдовадан қаңтарда жалпы сомасы  41,4 мың долларға электр қозғалтқыштар импортталған.

Өзбекстаннан  68,1 мыңға  этилен полимерлері және  672,6 мың долларға трактор жеткізілген.

Түркіменстан аймаққа 64,3 мың доллардың азық-түлігінен басқа пластмасса бұйымдары (640 доллар), ысытылған резеңке (1,2 мың), қара метал өнімдері (110,3 мың), сондай-ақ тонер мен картридждер (1,8 мың) экспорттаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу