Маңғыстау облысы қой етін экспорттайтын болады

1889

Осы мақсатта биыл 10 мың асылтұқымды қой сатып алынбақ

Маңғыстау облысы қой етін экспорттайтын болады

Уақ малдар Маңғыстау, Бейнеу және Түпқараған аудандарының шаруаларына 4 пайыздық несиемен беріледі. Қазір қазынадан 300 миллион теңге бөлінді. Мемлекеттік "Сыбаға" бағдарламасы аясында қолға алынған жоба жылына 200 мың тонна етті сыртқы нарыққа шығаруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды 24.kz.

Аймақта етті мал өсіруге сұраныс артып келеді. Былтыр үш айда 2,5 мың қой сатып алынған. Олар екі жылдан соң өнім бере бастайды.

"Екі портымыз бар, теміржолымыз бар, сол арқылы, логистика қазір жақсы жағдайда. Соған байланысты мал етін, қой етін шетелге шығаруға мүмкіндік алып отырмыз. Араб Әмірліктерінен және Ираннан көп сұраныс болып отыр", – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу