Маңғыстау облысы ел тұрғындарының қоныс аударуына тартымды үш аймақтың қатарында. Бұл туралы 28 желтоқсанда өткен баспасөз жиынында Денсаулық сақтау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмади Сарбасов мәлім етті.
Айта кетейік, еліміздің халқы Мкңғыстау облысынан өзге Астана, Алматы қалаларына қоныс аударғанды құп көреді.
Ақмади Сарбасов атап өткендей, Қазақстанда ішкі көші-қон қарқыны артқан. Егер осыдан бірнеше жыл бұрын жылына 350 мың адам басқа өңірге қоныс аударса, ал 2016 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 400 мыңға жеткен.
Мұндай құбылысқа басты себептердің бірі Қазақстанның бір аймағынан екіншісіне қоныс аудару кезінде рәсімдеудің жеңілдетілуі, деп дейді министрлік өкілі.