Маңғыстау облысы мұнайгаз жабдықтары өндірісін дамытуға мүдделі

805

Мұнайгаз машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық – Қазақстандағы үш ірі мұнай-газ операторының қауымдастығы.  

Маңғыстау облысы мұнайгаз жабдықтары өндірісін дамытуға мүдделі

Маңғыстау облысында мұнайгаз машинасын жасауды дамыту туралы меморандумға қол қойылды. 

Орталық басшысы Марат Кәрімов облыстағы мұнайгаз машина жасау жобаларына қолдау көрсетуге, машина жасау саласын инвестициялауға және бірлескен кәсіпорындар құруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді. 

Меморандумға қол қою барысында өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жергілікті атқарушы органдар екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.

Өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу және адами капиталды дамыту қажет. Сонымен қатар мұнайгаз өндіруші компаниялардың жұмыс істеуін, жаңа кен орындарын игеруге тың технологиялар мен материалдар өндірісін пайдалануды көздейді. Орталықтың алдында тұрған басты міндет – жергілікті құрал-жабдықтардың санын ұлғайту, Маңғыстау облысында мұнай-газ саласы үшін жабдықтар шығару. Мақсат – мұнайгаз машинасын құрастыру мен кәсіпкерлікті дамыту.

Кездесу қорытындысы бойынша орталық өкілдері жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгіледі.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу