Шетелдік туристерді қабылдау бойынша Маңғыстау облысы үздік үштікке енді

152

Статистикалық деректерге сәйкес, 2025 жылдың 9 айында өңірге 350 мыңнан астам турист келіп, 17,2 млрд теңгеге жуық қызмет көрсетілді. 

Шетелдік туристерді қабылдау бойынша Маңғыстау облысы үздік үштікке енді Фото: kk.wikipedia.org/ Panorama.jpg

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға артқан. Шетелдік туристерді қабылдау бойынша Маңғыстау республикада 3-орынға тұрақтады. Бұл туралы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
 
Өңірде 2025-2029 жылдары жалпы құны 198 млрд теңге болатын 17 туристік инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар биыл "Omir apartments" апартаменттері, "Wyndham Garden Aktau" және "Shahristan" қонақ үй кешендері, Достар қонақ үйін қайта құрылымдау сынды 4 жоба пайдалануға берілді. Бұдан бөлек термалды сулары бар санаторий-курорттық кешені салынып жатыр және балалар демалысын дамыту мақсатында Каспий жағалауында көпфункционалды "AqquResort&Camp" орталығы ашылды. Сондай-ақ Бозжыра шатқалында сапар орталығының құрылысы аяқталып, алдағы туристік маусымда іске қосылады.

"Өңірде туризмді дамыту бойынша кешенді жоспар жүзеге асуда. Маңғыстау, Шетпе және Бейнеу теміржол вокзалдары жаңғыртылып жатыр, сондай-ақ Кендірліде жаңа әуежайдың құрылысы басталды. Бұл инфрақұрылым саланы жаңа деңгейге шығарады", – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу