Маңғыстау облысы тас жолдардың жабылуын жалғастырып жатыр

373

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. 

Маңғыстау облысы тас жолдардың жабылуын жалғастырып жатыр Фото: inbusiness.kz

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты өңірде көлік қозғалысы шектелген, деп жазады inbusiness.kz сайты Маңғыстау облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Республикалық маңызы бар Ақтау – Жетібай – Жанаөзен және Шетпе – Сайотес – Бейнеу – Боранқұл бағыттары жабылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарын алыс сапарға бармауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу