Маңғыстау облысы түйе сүтін ұнтаққа айналдырып, сатуды бастады

115

Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай есептік кездесуде айтты. 

Маңғыстау облысы түйе сүтін ұнтаққа айналдырып, сатуды бастады Фото: canva

Маңғыстау облысында түйе сүтін құрғақ ұнтаққа айналдырып, экспортқа шығару үшін 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Өңірде 95 мыңға жуық түйе басы тіркелген. Түйе сүтін құрғақ ұнтаққа айналдырып, экспортқа шығару мақсатында түйе сүтін терең өңдеуге бағытталған 3 ірі инвестициялық жобаны іске асырудамыз. Жалпы биыл облыста ауыл шаруашылығы саласында 38 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. Оның ішінде мал шаруашылығында өнім шығару көлемі 22,4%-ға көбейді, деді ол.

2026 жылы "Қарағантүбек" ЖШС сауын түйелер санын 2000 басқа дейін көбейтіп, құрғақ түйе сүтін өндіретін зауыт құрылысын бастайды. Зауыт жылына 100 тоннаға дейін түйе сүтін қайта өңдей алады.

– Биыл облыста түйе сүтін автоматтандырылған әдіспен сауатын цех ашылды. Салада 2025-2027 жылдары 23,6 млрд. теңгені құрайтын 15 инвестициялық жоба іске асырылады, деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу