Маңғыстау облысын дамытуға арналған жобаларға 2,1 трлн теңге бөлінеді

759

Қаржы 2025 жылға дейінгі кезеңге қарастырылмақ. 

Маңғыстау облысын дамытуға арналған жобаларға 2,1 трлн теңге бөлінеді

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің айтуынша Кешенді жоспардың 214 іс-шарасын іске асыру облыстың дамуына жаңа серпін береді. 

"Оған жалпы сомасы 2,1 трлн теңге қаржы жұмсалмақ. Негізгі капиталға инвестиция 2 есе ұлғаяды және 2025 жылы 1,2 трлн теңгені құрайды. Өңір экономикасы 32%-ға өседі", – деді Асқар Мамин.

Премьер-Министр негізгі міндет өңірдің таяу жылдардағы мұнай-газ секторын, өңдеу өнеркәсібін, туризмді, көлік пен логистиканы және басқа да салаларын дамыту екенін атап өтті. Қабылданған шаралар есебінен өңір халқының 100%-ы сапалы ауыз сумен қамтылады. 

"Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай 60 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құру, өнеркәсіп көлемін 27%-ға арттыру, халықтың нақты табысын 40%-ға өсіру және жалпы өңір тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған", – деді Асқар Мамин. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне облыс әкімдігімен бірлесіп, жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіпорындарда еңбекақы мен еңбек жағдайында сәйкессіздікке жол бермеу мәселелеріне ерекше бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды. Үкімет басшысы Маңғыстау облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының бекітілген кешенді жоспарын уақтылы және сапалы орындалуын қадағалауды тапсырды.  

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу