Маңғыстау облысына 5,1 шақырым жылу желісінің тек жүз 100 метрі салынған

Осындай жағдай Солтүстік Қазақстан облысында да байқалады.

Маңғыстау облысына 5,1 шақырым жылу желісінің тек жүз 100 метрі салынған Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биыл 133 шақырым жылу желілерін қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 109,5 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі күнге жұмыстар 78% орындалды немесе 103 шақырым жылу желілері салынды. Бірқатар өңірлерде жөндеу жұмыстарының төмен қарқыны және уақытылы аяқталмау қаупі байқалатын он проблемалық учаске бар", – деді министр. 

Маңғыстау облысына екі жобаны іске асыруға 3,5 млрд теңге бөлінді. 

"Бүгінгі таңда жоспарланған 5,1 шақырымның тек 100 метрі төселген. Құбыр өнімдерінің қажетті көлемі болмауда", – деді министр. 

Осындай жағдай Солтүстік Қазақстан облысында да байқалады. Петропавл қаласында бір жоба бойынша жоспарланған 1,3 шақырымның 200 метрі ғана төселген (жеткізу мерзімі 30 қыркүйек).

Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарында екі жобадан, сондай-ақ Шымкент қаласында бір жоба бойынша жоспардың орындалуы жетпіс пайыздан төмен.

"Жоғарыда аталған жобалар бойынша жөндеу жұмыстарының аяқталмау және жылыту маусымында көрсетілетін қызметтер сапасының нашарлауына әсер ету қаупі жоғары. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдар жобаларды аяқтау бойынша жедел шараларды қабылдауы қажет", – деді Қанат Шарлапаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу