Маңғыстау облысына 546,304 тонна арпа жеткізіледі

1038

"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ҰК" АҚ Маңғыстау облысына арзан бағамен арпа жөнелтеді. 

Маңғыстау облысына 546,304 тонна арпа жеткізіледі

Бүгінгі жағдай бойынша 9 вагонға арпа артылды, деп хабарлайды inbusiness.kz азық-түлік келісім-шарт корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қабылдауға және мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарына таратуға ыңғайлы болу үшін арпа 45-50 келі салмақпен қапталуда. Бұл жұмыс Ақкөл станциясындағы "Астық қоймалары №1 астық базасы" ЖШС астық қабылдау кәсіпорнында тәулік бойы жүзеге асырылып жатыр. Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы "Каспий" ӘКК" АҚ-мен келісім бойынша Маңғыстау облысының шалғай өңірлеріне 546,304 тонна арзандатылған арпа жеткізеді", – деп нақтылады корпорацияның баспасөз қызметі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу