Маңғыстау облысына БАӘ-ден медициналық жабдықтар келіп жетті

941

Оның мақсатты жұмсалуын арнайы комиссия қадағалайды.

Маңғыстау облысына БАӘ-ден медициналық жабдықтар келіп жетті

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың Біріккен араб әмірлігі басшыларымен жүргізген келіссөзі нәтижесінде аймаққа гуманитарлық көмек жеткізілді. Жеті жарым тонна тонна жүк тиелген әуе кемесі Ақтау халықаралық әуежайына келіп қонды. Келген көмектің ішінде 25 жасанды өкпе вентиляциясы (ИВЛ) құрылғысы, 95 мың дана бетперде, 100 мың дана антиденені анықтайтын тест, 250 мың дана медициналық қолғап, 15 мың қорғаныш халаты және алты мың дана қорғаныш жапқышы бар. Олар Маңғыстау облысындағы барлық қала мен аудандардағы медициналық ұйымдарға үлестіріліп беріледі.

Атап айтқанда, Ақтау қаласына он жасанды өкпе вентиляциясы құрылғысы, 26 мың бетперде, 90 мың қолғап, 4 мың қорғаныш халаты, 2 мың қорғаныш жапқышы бөлінді. Ал аудандар арасынан Жаңаөзенге бес, қалған аудандардың барлығына екеуден ИВЛ құрылғысы сыйға тартылды.

Айта кетейік, гуманитарлық көмектің дұрыс бөлініп, мақсатты жұмсалуын әр қала мен аудандарда арнайы құрылған комиссия қадағалайды. Комиссия құрамына жергілікті депутаттар, қоғам белсенділері мен мемлекеттік орган өкілдері енеді.
Маңғыстау өңірінің басшысы көмек қолын созған Әбу Даби әмірлігінің Тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен Абу Даби билеуші әулетінің өкілі шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянға алғысын білдірді.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу