"Биылғы қуаңшылыққа байланысты өңірде мал азығымен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып қала бермек. Қазіргі таңда қыс мезгіліне төрт-түлік мал азығын дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы облыс бойынша осы жылға және қыс мезгілінен өту үшін 77 мың тонна шөп және 53 мың жем қажет",– деді Серікбацй Тұрымов Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Алдымен шөп мәселесіне тоқталған әкім жыл басынан бастап қазіргі күнге дейін тасымалданып дайындалған шөптің көлемі 35 мың тоннаны құрағанын айтады. Оның 28 700 тоннасы өзге аймақтардан әкелінсе, қалған 3 500 тонна жергілікті жерден шабылған.
"Сондай-ақ, өзге облыстардан көмек ретінде келген 2 800 тонна тегін шөп облыстың қуаңшылық салдарынан зардап шеккен шаруа қожалықтарына таратылған. Бұл ретте, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл облыстарының және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының еріктілер тобына (кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар, ерікті жастар), әкімдіктеріне, Нұр-Отан партиясының депутаттарына және "Қазақстан темір жолы" АҚ-ы ұйымына Маңғыстау облысының халқының атынан шексіз алғысымызды білдіреміз", – деді өңір басшысы.
Аян Бекенұлы