Маңғыстау облысы Түркістан қаласына "Амфитеатр" нысанын салып береді, деп хабарлайды otyrar.kz.
Маңғыстаулық жобалаушы компания "Deluxe Design" ЖШС басшысы Алтынай Күншығарова бастаған топ жұмыс сапарымен Түркістан қаласына келді.
Аймақ басшысының бірінші орынбасары Қайрат Нүкеновтың қатысуымен өткен кездесуде екі жақ өз ойларын ортаға салды. Меймандар нақты орналасатын жері мен оған инфрақұрылым жүйелерін тарту мәселелерін көтерді.
Алдағы уақытта маңғыстаулық жобалаушылар облыстық құрылыс басқармасымен тығыз жұмыс жасайды. Қос тарап өкілдері нысанды сапалы әрі мерзімінде тапсыруға уағдаласты.