Маңғыстау облысына жыл басынан бері 220 мыңнан астам турист келген

944

Алдағы үш жылда тағы 13 туристік жоба жүзеге асырылмақ.

Маңғыстау облысына жыл басынан бері 220 мыңнан астам турист келген

Маңғыстау облысында 2025 жылға дейін жалпы сомасы 300 млрд теңгеден астам 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Маңғыстау облысы еліміздің алғашқы қатардағы туристік аймақтарының ондығына кіреді. Биыл өңірге 220 мыңнан астам турист келген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 2,1 есе көп. Соның ішінде, келушілер Каспий теңізіне қызығатындықтан, жағажай туризмін дамытуға баса көңіл бөлініп отыр. Туристер көптеп келе бастағандықтан тағы бірнеше қонақ үй салу жоспарланған.

"Өңірде оннан астам жағажай бар. Қонақтарға аквапарк ойын-сауық түрлері, су аттракциондары, теңіз арқылы серуендеу ұсынылады. Қазіргі уақытта демалушылардың сұранысы ескеріліп, виндсерфинг, каякинг, кайтинг, сапбординг, флайбординг түрлері дамып келе жатыр. Сондай-ақ су астында сүңгу, балық аулауға да қызығушылық танытатындар көбеюде", – дейді Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмді дамыту басқармасының басшысы Венера Мұстапаева.

Қазіргі күні аймақта жағажай аумағы бойынша бірнеше жоба жүзеге "Тақырыптық ойын-сауық паркі", "Town Center" сауда қатарлары, "Гольф-клуб", виллалар мен апартаменттер кешені салынды. Ал 2022-2024 70 млрд теңгеден астам қаражатқа Түпқараған ауданында "Сартас" визит-орталығының құрылысын бастау, "Достар" қонақ үй кешенін кеңейту, "Фламинго Резорт" демалыс базасын құру, "Assyl Aktau", "Нұр" сауықтыру кешені сияқты жобаларды іске асыру жоспарланған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу