Маңғыстау облысына жыл басынан бері 140 мыңдай турист келген

821

Бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.    

Маңғыстау облысына жыл басынан бері 140 мыңдай турист келген

Оларға қонақ үй мен демалу орындарында 3,1 млрд. теңгеге қызмет көрсетілген. Туристерді Каспий теңізінің жағалауы мен Бекет ата, Бозжыра, Шерқала, Тамшалы жерлері ерекше қызықтырған.

Мамандардың айтуынша, осы жылдың аяғына дейін өңірге келетін туристер саны 200 мыңға жетеді деген болжам бар. Өңірдегі туризм саласын дамыту мақсатында биыл 190 млрд. теңгеден астам қаражат бөлініп, 5 жоба іске асырылады деп күтілуде. Олардың қатарында: гольф-клуб, тақырыптық ойын-сауық паркі, виллалар мен апартаменттер кешенін салу және курорттық-қонақ үй кешенінің құрылыстары бар. 

Бұл кешендер алдағы уақытта облыстағы туризм саласының дамуына және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге оң ықпал етуі тиіс. Сарапшылар 2025 жылы облыс қонақтары мен туристерінің саны 750 мыңға жетеді деп жоспар жасалып отыр. Осылайша 2020 жылға қарағанда саяхаттаушылар қатары 4,6 есе көбеюі мүмкін. Өңірде туризм саласы бойынша 2021-2025 жылдар аралығында жалпы сомасы 300 млрд. теңгеден астам қаражат және 13 жобаны іске асуы тиіс. 

Алмас Қылыш

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу