Маңғыстау облысына Жылыой ауданынан 9 мыңға жуық адам эвакуацияланды

257

Маңғыстау облысы ТЖД бүгінгі жағдай бойынша Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласы мен елді мекендерінен Маңғыстау облысына 8738 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау облысына Жылыой ауданынан 9 мыңға жуық адам эвакуацияланды Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайда көшірілген тұрғындар 18 уақытша орналастыру пунктінде (1160 адам, оның ішінде 501 бала) және туыстары мен таныстарының арасында (7538 адам) жеке үйлер бойынша қоныстанған.

Өңірлік қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, облыс бойынша барлығы 201 уақытша орналастыру пункті эвакуацияланған халықты қабылдауға дайын тұр. Аталған пункттер 83042 адамды қабылдауға қауқарлы.

Осы орайда Маңғыстауда су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының тұрғындарын қабылдау жалғасып жатыр.

Бұған дейін ақпараттық қолдау көрсету және тәулік бойы көмек көрсету үшін "Жедел желі" телефондары жұмыс істейтіні хабарланған болатын:

701-707 және 701-708.

Бейнеу ауданы бойынша:

8(72932) 2-20-41
8(72932) 2-54-23.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу